Алматы облысында блок-бекеттер алынып жатыр
Алматы облысында карантин режимін сақтай отырып, карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыстың бас мемлекеттік санитарлық инспекторының жаңа қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясы бар аумақтарды қоспағанда, облыстағы аудандар мен қалалар арасындағы блок-бекеттер алынып тасталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің айтуынша, бүгіннен бастап жапыға ортақтан бөлек, жекеменшік моншалар, сауналар, массаж орталықтары және басқа да қызмет көрсету саласының объектілері жұмыс істей бастайды.
Банктердің, почта бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету жұмысын алдын ала жазылу бойынша, электрондық кезекпен және басқа да шаралар бойынша халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында ұйымдастырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың (жасы бойынша) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмысқа кіріседі.
Қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізумен (дене қызуын өлшеумен), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттетумен, сондай-ақ күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып шағын жинақты білім беру орталықтары, үйірмелер (жазба бойынша) де іске қосылады.
Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздік бойынша жауаптыларды, күзет жән басқа мамандандырылған ұйымдарды қайта оқыту үшін мамандандырылған оқу орталықтары да қайта жұмысына кіріседі.
50 орынға дейінгі ашық стадиондар да. сол секілді Қапшағай қаласының РМҚК "Балдаурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығы" іске қосылады.
"Қазпочта" АҚ Алматы облыстық филиалы әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бөлімшелердің жұмысын, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетперде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.), жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) байланысты жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді.