Пластик тегеш үшін Қазақстанды мазақтауға болмайды – Саиров  

20 Желтоқсан 2020, 09:42
Сурет: twitter.com/TokayevKZ

Нұр Отанды жақтаушы һәм бас билікті ақтаушы, саясаттанушы Ерлан Саиров тегеш туралы біраз әңгіме айтып тастады facebook-тегі парақшасында.

(Бұл бұйымды қазақ тазик, кірлен, кәрита, дегер, леген, тегене, шара, шылапшын деп те атайды).

Біріншіден, деп қояды ол, тазик әр үйге керек дүние. Бұл даусыз факт.

Екіншіден дейді, бұл жалғанда "қарапайым заттар" экономикасы деген түсінік бар, барша экономикалық процестің локомотиві ол.

Бұл салада өндірістік цикл құру жеңіл, жұмысшыларға асқан білік қажет емес, ал өніміне халық тарапынан жаппай сұраныс бар.

Тегеш-тазик, түрси-мәйкі деген ұсақ-түйек заттар осы.

Түркия "Байрактарға" дейін өз экономикасын осындай "қарапайым заттар" экономикасы арқылы көтеріп алды.

Біз Қытай, Түркия, Қырғызстанның жеңіл өнеркәсібін асырап келеміз. Өндірісті өзіміз-ақ баяғыда қолға алуымыз керек еді. Ел Президенті Тоқаевтың саясаты дұрыс!

Тегешке күліп, билікті табалай бермейік. Осы тегештен бастап, пластмасстан түрлі бұйым жасай бастауымыз керек, деген екен Саиров.

2019 жылы 17 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавл қаласындағы металл және пластик бұйымдарын шығаратын зауытқа және С.Киров атындағы зауытқа барды.

Бұл кәсіпорындар еліміздің индустриялық және цифрландыру саясатының маңызды бағыттарын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып отыр, деп жазған еді президент twitter-де.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?