Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда пара бойынша сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2020 16:43 zakon.kz
Қылмыстық кодекске пара алушы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, пара берушілерге, пара делдалдарына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты жазаны қатаңдату мақсатында түзетулер енгізілді.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ретте Қылмыстық кодекске пара алушы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, пара берушілерге, пара делдалдарына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты жазаны қатаңдату мақсатында түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар, заңға ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін жоятын түзетулер енгізілді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заң мемлекеттік қызметкерлер, Парламент депутаттары және судьялар үшін қарастырылған сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша жаңа шектеулерді қамтиды. Қылмыстық процестің бәсекеге қабілеттілігі мен ашықтығын күшейтуге бағытталған нормалар қабылданды.

Заң жобасындағы шетелдік банктерде шот сұтауға қатысты жаңадан енгізілген шектеулер тек мемлекеттік қызметкерлерге, Парламент депутаттары мен судьяларға қатысты екенін ескерте кетелік.

Заңның толық мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: