Жаңалықтар тізбегі
0

Жемқорлыққа қарсы заңнама жаңашылдықтары Экономикалық тергеу қызметіне түсіндірілді

ANTIKOR, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2020 21:13 ANTIKOR
Бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін санкциялар мен құқықтық салдарлар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күшейтілді.

Бүгін Агенттік төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы новеллалар бойынша түсіндіру іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған іс-шараға Комитеттің жеке құрамы, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы аумақтық бөлімшелер қатысты.

Кеңес барысында О.Бектенов: "Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілі болуға және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін неғұрлым қатаң жаза қолданылуы тиіс", - деп атап өтті.

Осыны ескере отырып, бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін санкциялар мен құқықтық салдарлар (ҚК 361, 364, 365, 366, 369 және 370-баптары) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күшейтілді.

Мәселен, Қылмыстық кодекске жаңа түзетулер енгізілгеннен кейін құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның пара алуы (50 АЕК-ке дейін) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналады және 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, кәсіпкерлік қызметке 2 жыл емес, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, ал мұндай қызметке заңсыз қатысқаны үшін 1 жыл емес, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы тиісінше 8 жылға дейін және 5 жылға дейін одан да қатаң жазаға әкеп соғады.

Сондай-ақ, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және мемлекеттік қызметшілер үшін шетелдік банктердегі шоттарды иеленуге тыйым салу туралы айтылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: