Бетпе-бет соқтығысқан. Ақмола облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

20 Желтоқсан 2020, 17:50
Сурет: polisia.kz

Ақмола облысында жол-көлік апаты болып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 19 желтоқсанда Жезқазған - Петропавл тас жолының 551-ші шақырымында болған.

Қостанайға бет алған Chevrolet TrailBlazer көлігінің 63 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, DAF жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Chevrolet TrailBlazer көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тағы екі жолаушы - 25 жастағы қыз бен 39 жастағы ер адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлігінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Апаттың барлық жағдайларын объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, дейді полициядағылар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?