Өскеменде Амурская көшесі Қанипа Бітібаева болып өзгертілді

20 Желтоқсан 2020, 17:56
Сурет: altaynews.kz

Өскемендегі көшелердің біріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаеваның есімі берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар Facebook-тегі парақшасында жазды.

– Бұл менің көптен бері көкейімде жүрген мәселе еді. Бүгін сол мәселенің орайы келіп, оңтайлы шешімі қалалық маслихат отырысында қабылданды. Амурская көшесін ұлағатты ұстаз, КСРО мемлекеттік сыйлығының лаураеты, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанипа Бітібаева көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Көзі тірісінде көп ісімізге қолдау білдіріп, арқамыздан қағып, ақылын айтқан жан еді. Алдында отырып дәрісін тыңдамасам да, қызметте жүріп тәлімін көрген, тәрбиесін алған Қанипа апайды мен де өзіме ұстаз тұтамын. Ендеше ұстаз шәкірті ретінде ел үшін де, мен үшін де орны бөлек қуанышпен сіздермен бөліскенді жөн көрдім, – делінген жазбада.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?