Қазақстан Covid-19 вакцинасын тексеру үшін Ресейге жөнелтті

21 Желтоқсан 2020, 13:50
Сурет: ПМ

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясын Ресейге тестілеу үшін жөнелтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарағанды ​​фармацевтикалық зауытында өндірілген 6 мың доза мөлшеріндегі Sputnik V вакциналарының сынамалы партиясы сапасына баға беру үшін Ресей Федерациясына жөнелтілді. Вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі 2021 жылдың қаңтарында басталады деп жоспарланған. Жоспарға сәйкес, ай сайынғы өндіріс көлемі кем дегенде 300 мың дозаны құрайды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанда ресейлік " Sputnik V" вакцинасының пилоттық сериясының өндірісі басталды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?