Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей мен Қазақстан COVID-19 вакцинасын жеткізу бойынша өзара сөз байласты

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2020 22:08 primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды. Делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басқарды.

Ресей Үкіметі өкілдерімен кездесулерде өнеркәсіптік кооперацияның өзекті мәселелері, барлық клиникалық сынақтар өткізілген жағдайда халықты тегін және ерікті түрде иммундау үшін COVID-19 вакцинасын сатып алу және қолдану мәселелері талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Роман Скляр өнеркәсіптік кооперация және фарминдустрия саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша РФ өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен талқылау өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту екі мемлекеттің стратегиялық әріптестігінің сипатына толық жауап беретінін атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2020 22:08

Кездесу барысында ірі өндірістік компаниялармен: "КАМАЗ" ЖАҚ, "Петербург трактор зауыты" АҚ, "ЕуроХим" МХК" АҚ, "Хендэ Мотор Мануфактуринг Рус" ЖШҚ және "ГАЗ" Группасымен бірлескен жобаларды іске асыру кезеңдері талқыланды.

Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "СҚ-Фармация" арасында "Спутник V" вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатыларынан өткеннен кейін бөлу туралы өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2020 22:08

Қазақстан үшін қажетті көлемді Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жүргізуге дайын. Бұл ретте, қауіп тобына кіретін қазақстандықтар үшін иммундау тегін және ерікті негізде жүргізіледі және вакцина барлық клиникалық сынақтардан өткеннен кейін ғана мүмкін болады.

Сапар аясында сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың арасында келіссөздер өтті, оның барысында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, нәтижелері бойынша ведомстволар арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: