Курчатовта екеуді жайратып салған қарулы ер адам артынан өз-өзіне қол жұмсаған

21 Желтоқсан 2020, 16:51
Сурет: istockphoto.com

Курчатовта пәтерден үш ер адам өлі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, 21 желтоқсанда Курчатовта атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмыс жасалды, көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен үш ер адамның денесі табылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыскер (марқұмдардың бірі) қылмыс жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қайтыс болған ер адамдардың жеке басы анықталды, марқұмдардың барлығы Курчатов қаласының тұрғындары, - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Полицияның айтуынша, бұл оқиғаның көшеде болғаны туралы айтылған әлеуметтік желідегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?