Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің атауы өзгерді

21 Желтоқсан 2020, 17:28
Сурет: Ашық дерекөздерден алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамыр айында айтылған тапсырмасына сәйкес, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өзінің ресми атауын "Отбасы банк" деп өзгертті, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың 20 желтоқсанында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ деп қайта тіркелді.

"Банктің жалғыз акционері болып - акциялардың мемлекеттік пакетін иеленуге және пайдалануға 100% құқығы бар "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ қала бермек. Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгертіледі. Ол бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк ретінде қала бермек. Сондай-ақ қаржы құрылымы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы міндетіндегі қызметін де өзгертпейтін болады", делінген банк хабарламасында.

Сонымен қатар, 2021 жылы "Отбасы банк" тұрғын үйді тіркеу, есепке алу, үлестіру жұмыстарын бір орталықтан жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады. Ал бұл міндеттерді іске асыру үшін кезекке қою жүйесін әкімдіктерден "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне" тапсырып, тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін "Баспанамен қамтамасыз ету орталығын" құру жоспарланған. Бұл жағдайда тұрғындарымызға баспанаға мұқтаж екенін растау үшін бірнеше мекемеге жүгініп, кезекте тұрып, ізінше несие алу үшін Банкке келіп әуре-сарсаңға салынбай, мәселесін бір орталықтан шешу мүмкіндігі туады.

Бүгінгі таңда бұл банктің 1,7 миллионнан астам салымшысы бар, ал банктің депозиттік портфелі 976 млрд теңгеге тең. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін жетеді деп жоспарланған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?