Алматыда үстемақы ала алмай жүрген жедел жәрдем фельдшерлері сотқа арызданды

22 Желтоқсан 2020, 10:21
Сурет: видеодан алынды

Алматыдағы жедел жәрдем орталығының ақ халаттыларына уәде етілген үстемақы әлі төленбеген. COVID-19 жұқтырған дәрігерлер де уәде берілген 2 млн теңгеден қағылған. "Шыдамның де шегі бар", дейді фельдшерлер. Олар, басшыларының үстінен арыз жазып құзырлы органдарға шағымданбақ, деп хабарлайды zakon.kz Астана ТВ-ға сілтеме жасап.

Корновирустық инфекцияға шалдығып, уәде көмекті ала алмаған фельдшердің бірі - Айғаным Мәлтенбаева. Компенсация өз алды, Айғаным үстемақыдан да қағылып жүр.

Айғаным МӘЛТЕНБАЕВА, АЛМАТЫ Қ. ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ:

- Бізге бұл ақша төленуі керек болатын. Бізді барлық тізімнен алып тастады. Сол үшін біз өзімізге беруі керек ақшаны сұрауға және сол туралы бір шешім шығару үшін келдік. Біздің бөлімшеде жиырмадан астам адам ауырған болса, сол жиырмадан астамы бұйрық бойынша төлемақы бізге төленбеді.

Жедел жәрдем орталығының директоры болса, науқастармен тікелей байланыста болмаған мамандарға ешқандай төлем қарастырылмаған, - дейді.

Біржан ОСПАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Ең басынан бастап министрдің бұйрығы бойынша, төртінші сәуірде шыққан, сол бойынша тізімге кірген жоқ. Ешқандай категорияға жатпайды олар. Ақпараттық диспечерлік бөлім мен санитар мамандар сол бұйрыққа кірмеген. Минздравтың бұйрығы, біздің бұйрық емес ол.

Әділдік іздеген фельдшерлер болса құзырлы органдарға шағым жазып, сотқа арызданыпты. Мемлекет басшысының уәде ақшасы, түбінде бір төленеді деген үміт бар.

Гүлнәр ЖУАСПАЕВА, ҚОРҒАУШЫ:

- Президент, медицина қызметкерлеріне үстемақы беруді бұйырып, қажетті сомасын айтты. Ал, денсаулық сақтау министрлігі қазан айында Президенттің бұйрығына өзгертулер енгізді. Сөйтіп жедел жәрдем қызметінің бір бөлігін үстемақыдан алып тастады. Ал, заң бойынша қазанға дейінгі уәде етілген үстемақы төленуі керек.

Фельдшерлер компромиске дайын. "Басшылық сөзінде тұрып, компенсацияны уақытында төлейді", деген үміт бар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?