Жаңалықтар тізбегі
0

Екі жағымыздағы екі жалмауыздан құтылсақ

zakon.kz zakon.kz
Өзіміздегі бір жалмауыздан құтылармыз деген үміт бар.

Әлемде демократиялық елдер бар, оларда адам құқы қорғалады, бірінші кезекте адамға жағдай туғызуға тырысады дегендей. Сонымен қатар авторитарлы елдер де бар, оларда жеке басқа табынушылық басым, басқаларды адам есебінде көрмейді, тіпті кейбіреулер мемлекет деген менмін деп түсінеді, сөйтіп тұтас мемлекетті өзінің жеке мүлкіндей көреді, деп жазады желіде сарапшы Қуаныш Еділхантегі.

Олай болса алғашқылары неге соңғыларымен қарым-қатынасқа түседі, байланыс жасайды? Әлде оларды өздерінің экономикасына шикізат көзі ретінде пайдаланғысы келе ме? Егер соңғыларының басшыларын парамен сатып алып, елдерінің кенорындарын өз мақсаттарына пайдаланса, онда оларды да өркениетті ел деуге бола ма? Олардың авторитарлы елдерден не айырмашылығы бар ендеше? Онда жалпы қоғам әлі дамудың жоғарғы сатысына жетпегені ғой? Әл-Фараби бабамыз айтып кеткен "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасына" әлі жете алмай жүрген болдық қой?

Дегенмен де осы бағытта әлемде белгілі бір қозғалыстар да бар екен. Ол жөнінде Украинаның бұрынғы, Ющенко кезіндегі экс СІМинистрі Огрызконың сөзінен мәлім болды. Ол былай депті: "Жалпы алдағы уақытта РФ вето құқын пайдаланатын кез келген структураның қызметінен бас тарту керек", - депті. Ол босқа айтып отырған жоқ, Батыс қоғамында әлемді қайта құрудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатқаны белгілі болды. Ол бойынша бұдан былай тек х/а құқықты мойындайтындар ғана бір-бірімен байланыста болады, ал РФ сияқтылар әлемдік саясат сахнасынан шетке өз-өзінен ығыстырылып шығарылады.

Бұл қозғалыстың басында Байден тұрған көрінеді. Оның басшылығымен әлемде демократиялық Альянс құрылады, бұларға изгой елдер кірмейді (олардың саны РФ мен Қытай бастаған оншақты ел екен). Кешегі Ресейді "үйсіз ұлттар" категориясына кіргізу, сондай-ақ "Пандора жәшігінің" жариялануы да осы процестің басы сияқты. Енді бірнеше айлардан соң, Байденнің жоспары бойынша, демократия Саммиті ұйымдастырылатын көрінеді.

Әрине, біздер, қазақтар, жалпы есепте жоқ шығармыз, себебі потенциалымыз тым аз, бірақ осы Альянс жұмысынан ұтарымыз көп деп ойлаймын. Екі жағымыздағы екі жалмауыздан құтылсақ өзіміздегі бір жалмауыздан құтылармыз деген үміт бар, себебі біздегі солардан күш алып отырғаны анық. Тіреуі кетсе қайда барады, қалпақпен ұрып алмаймыз ба? Оған шейін қазақтар да оянар, делінеді жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: