Қазақстанға бір күнде шетелден ПТР-анықтамасыз 78 адам ұшып келді

22 Желтоқсан 2020, 11:09
Сурет: zakon.kz

Ақтау қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Қырғыстан азаматы депортацияланды, деп хабарлайды zakon.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Индонезия, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 7 халықаралық әуе рейсі келді.

799 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 721 адам, анықтамасыз 78 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 2 рейс, 323 жолаушы, анықтамамен - 297, анықтамасыз - 26;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 187 жолаушы, анықтамамен - 174; анықтамасыз - 13;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен - 116; анықтамасыз - 34;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 133; анықтамасыз - 5;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 20 желтоқсанында анықтамасыз келген 363 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Қырғыстан азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Ақтау қаласының әуежайынан депортацияланды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?