Павлодарда су құбырына бөлінген бюджеттің 1,2 млрд теңгесін жымқыру дерегі ашылды
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «Қазына» ЖП іс-шарасы барысында Павлодар облысы прокуратурасының бастамасымен құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы шеңберінде облыстық СЖҚІД мен ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, су құбырын салу үшін бөлінген 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚР ҚК 189-бабының 4-б. 2-т. (аса ірі мөлшерде жасалған, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражыға салу) бойынша сараланды. Аталған бап санкциясында мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, оларға қатысты Павлодар қаласының Мамандандырылған тергеу соты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қылмыстық іс бойынша қылмыстың барлық мән-жайын және жасалған құқық бұзушылыққа қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.