Жамбыл облысында қалалық мәслихат депутаты парамен ұсталды

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 21:37 liter.kz
Сот күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бір мезгілде қалалық Мәслихат депутаты болған, Тараз қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттің 100% қатысуы бар серіктестік директорына қатысты пара алу фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті.

Ол құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жалпы қамқорлығы үшін ақшалай қаражатты жедел аударғаны үшін заңды тұлға басшысынан қол астындағы қызметкер арқылы 1,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді, - деді ол.

Сот күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тергеу жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: