Жаңалықтар тізбегі
0

16 жастағы қызға үйленген 31 жастағы қырғыз дауға қалды

Official publication, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2020 22:35 Official publication
2016 жылы Жогорку Кенеш кәмелет жасқа толмағандардың некесін қиюға тыйым салатын заң қабылдады.

Қырғызстан вице-премьер-министрі Эльвира Сурабалдиева Ыстықкөл облысы Жети-Огуз ауданында 16 жастағы қыздың 31 жастағы жігітке тұрмысқа шығуын анықтауды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Бұның алдында адам құқықтарын қорғаушы Камил Рузиев тұрмыстағы қыздың тоғызыншы сыныпта оқитынын, оның үйленгенін мектептегілер білетінін айтқан. Олардың некесін қиған имам жұмыстан шығарылған. Ыстықкөл облысының ішкі істер басқармасы кәмелет жасқа толмаған қыздың жасы үлкен жігітке тұрмысқа шығуын тексеру мақсатында іс тіркеген.

Вице-премьер-министр Сурабалдиева Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссияға, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп, дін қызметкерлері арасында кәмелет жасқа толмағандардың некесін қиюға болмайтыны туралы түсіндіру жұмысын жүргізуге кеңес берді.

2016 жылы Жогорку Кенеш кәмелет жасқа толмағандардың некесін қиюға тыйым салатын заң қабылдады. Заң ережесін бұзғандар үш жылдан бес жылға сотталады. Қырғызстанда 18 жастан асқанда ғана неке қидыруға рұқсат берілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: