Жаңалықтар тізбегі
0

Сотталған адамды жауапты қызметке қоймау жайлы заң талқысында депутаттар өзара шекісіп қалды

Сыбайлас жемқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 18:16 Сурет: kenesh.kg
Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш отырысында депутат Елмырза Сатыбалдиев мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған заң жобасына қарсы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сатыбалдиев Парламентті аталған бастамаға қарсы дауыс беруге шақырды.

"Бұл -  Конституцияға қарсы заң жобасы. Бір қылмыс үшін адам екі рет жауап бере алмайды. Ақталған соң ол кінәсіз адам болып шығады". Елмырза Сатыбалдиев

Заңға түзетулерді депутат Жеңісбек Тоқторбаев ұсынған болатын, ол әріптесіне бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын еске салды.

"Елмырза Ракиевич бұл арада өзін ойлап отыр. Сіздің баршаны қарсы дауыс беруге шақыруға құқығыңыз жоқ. Бұрын өзіңіз сотқа тартылып, сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінгенсіз. Неліктен сіз көптің атынан сөйлейсіз?". Жеңісбек Тоқторбаев


Айта кетсек, Елмырза Сатыбалдиев бұрын 10 жылға сотталған. Ол сәуір айындағы оқиғалар бойынша қылмыстық істің қатысушысы болғаны үшін ҚК-нің "қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану" бабы бойынша сотталған еді. 

Аталған заңға енгізуге ұсынылған түзетулер бойынша мемлекеттік және муниципалдық қызметтің мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыс жасағаны үшін сотталған адам әкім, қала әкімі, айыл әкімдігі (ауылдық басқарма) басшысы, жергілікті кенештердің депутаты, мемлекеттік азаматтық және муниципалдық қызметкер бола алмайды, егер ол жазасын өтеген болса да.

Атап айтқанда, Тоқторбаев "Сыбайлас жемқорлық", "Заңсыз баю", "Лауазымдық жағдайды теріс пайдалану", "Пара бопсалау", "Пара алуға делдалдық ету", "Жауапсыздық" баптары бойынша сотталған адамдардың жауапты қызметке қойылмауын ұсынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: