Жаңалықтар тізбегі
0

"Солтүстікте қазақ тілі оқытылып жатыр": Қырғыз депутаты әліпбиді реформалауды ұсынды

Қырғызстан, қырғыз тілі, қырғыз депутаты, қырғыз тілін реформалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 13:47 Сурет: pixabay
Қырғыз әліпбиін реформалау қажет. Бұл жөнінде Жогорку Кенеш (парлмент) отырысында депутат Нұржігіт Қадырбеков айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат қазіргі Қырғыз әліпбиімен тілді үйрену қиын екенін атап өтті, өйткені онда сөздерді дұрыс айтуға және тануға арналған дыбыстар жоқ, деп мәлімдеді 24.kg.

"Бұл өте маңызды. Оңтүстікте тіл үйренетіндер қырғыз тілінің орнына өзбек, солтүстікте қазақ және татар тілдерін үйреніп жатыр. Сөздерді дұрыс айту үшін алфавитте кейбір әріптер жетіспейді. Қазақтарда екі А мен К бар". Нұржігіт Қадырбеков

Депутат орыс тілінен қырғыз тіліне жасалған аудармаларға да назар аударды. Ол сөздердің бастапқы баламасына қарамастан, мағынаны бұрмалайтын сөзбе-сөз аударма қолданылатынын атап өтті.

Мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Қаныбек Осмоналиев депутаттың әліпбиді реформалау қажет деген пікірімен келісетінін айтты. Ол мемлекеттік тіл бойынша кеңес құрылғанын хабарлады.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қырғыз жазуы араб алфавитінде болды. 1930 жылдары жазу латын харпінде болса, ал 40-жылдардың басында кириллицаға көшті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: