Қырғызстанда астананы көшіру ұсынылды
Сурет: unsplash
Қырғыз депутаты Бақытбек Марипов Жогорку Кенештің (Қырғыз Парламенті) отырысында астананы басқа қалаға көшіруді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
vesti.kg дерегінше, нардеп Бішкектегі түтін мен кептеліс мәселесін ешкім шеше алмайтынын, сондықтан түбегейлі шаралар қажет екенін атап өтті.
"Ыстықкөлде 10 млрд долларға Асман қаласы салынуда. Ал темір жолды Бішкектен, сақиналық магистраль және айналма жолдарға ауыстыру үшін 1 млрд доллардан астам қаражат жұмсалады. Министрлер кабинеті басқа қалада болуы үшін мен астананы көшіруді ұсынамын. Осылайша кептеліс мәселесі шешіледі", – деді Бақытбек Марипов 2025 жылғы 22 қаңтарда.
Бұған дейін Мемлекет басшысының "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript