Сыртқы істер министрінің орынбасары ТМД Байқаушылар миссиясының басшысын қабылдады

22 Желтоқсан 2020, 17:02
Сурет: ҚР СІМ

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов ТМД Атқарушы комитеті төрағасының Бірінші орынбасары Виктор Гуминскийді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесудің тақырыбы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға байланысты Нұр-Сұлтанда ТМД Халықаралық байқаушылар миссиясы штабының ашылуы болды.

Сұхбат барысында М. Сыздықов ТМД Атқарушы комитетінің өкілін Мәжіліс депутаттарының ашық сайлауын өткізу Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуы үшін маңыздылығы туралы хабардар етті. Биыл елімізде көппартиялылық пен саяси бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған теңдессіз саяси реформалар пакеті іске асырылды.

Өз кезегінде В. Гуминский бақылаушылардың жұмысы үшін жақсы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді. Сұхбаттасушы ТМД миссиясы өз функцияларын объективті және ашық түрде орындауға дайын екенін айтты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?