Күдіктімен селфиге түскені үшін полиция қызметкері жұмыстан босатылды

22 Желтоқсан 2020, 17:11
Сурет: kris.p.online

Әйел зорламақ болған күдіктіні ұстап, онымен селфиге түскен шымкенттік полиция қызметкері жұмысынан босатылды, деп хабарлады zakon.kz.

Шымкент қалалық ПД қызметтік тексеру жүргізіп, өз қызметкерінің ауыр қылмысқа күдіктімен суретке түскенін анықтады.

Департамент басшылығы учаскелік полиция инспекторының бұл әрекетін офицер үшін орынсыз деп тапты.

Қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен аталған қызметкер қызметтік тәртіпті бұзғаны, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылды, - делінген Шымкент қалалық полиция хабарламасында.

Айта кетсек, полиция қызметкері Шымкентте әйелді зорламақ болған күдіктімен селфиге түскен.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?