"Әкем тиісіп жүр!". Қыз баланың атынан жалған аккаунт ашқан ер адам ұсталды

pobeda, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2020 17:59 pobeda
Полиция қызметкерлері немқұрайлылық танытпай, көмек сұраған азаматтарға ризашылық білдірді.

Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты ауылдардың бірінің 32 жастағы тұрғыны "Одноклассникий" тобынан жалған парақша ашып, желідегілермен кәмелетке толмаған қыздың атымен өтірік сөйлескен, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол желіде үш әйелге өзінің туған әкесі төсекке тартып жүргені туралы баяндаған. Мұны білген өзге жандар дабыл қағып, блогердің көмегіне жүгінеді, ал ол полицияға шағым түсіреді.

Әлеуметтік желідегі жалған парақшаның иесі анықталып, ол танымтайтын әйелдерге хабарлама жібергенін мойындады, ал жалған парақшадағы қыздың суретін Интернеттен жүктеп алғанын, сөйтіп өтірік аты-жөн таңдағанын да айтты, - дейді полициядағылар.

Бұл факт Зеренді аудандық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы, яғни "Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері немқұрайлылық танытпай, көмек сұраған азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: