Вакцинаны алдымен депутаттарға салайық деген ұсыныс шықты

primeminister.kz primeminister.kz
"Халық қалаулылары" деген аты бар. Бар жақсыны бірінші солар алсын!

Sanzhar Bokayev деген блогердің жазбасы қазақстандықтарға ұнағаны сонша, 600-ге жуық адам "лайк" басыпты, деп хабарлайды zakon.kz.

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда жасалатын ресейлік "Спутник V" вакцинасы бірінші кезекте медициналық қызметкерлер, педагогтер мен студенттерге салынады десе, Санжар Боқаев бұл шешіммен келіспейді екен.

Биліктің медициналық қызметкерлер, педагогтер мен студенттерді таңдағаны тегін емес-ау. Өйткені олар қарсыласа алмайтын болар? Сосын оларды вакцинациялауға мемлекеттен ақша бөлінеді, ал одан коммерциялық табыс көретіндер баяғы бәрімізге белгілі миллиардерлер емес пе?

Осылай деген Боқаев өзінің нақты ұсынысын жайып салды.

Ең алдымен ҚР Парламентінің жаңа шақырылымдағы депутаттарына вакцина салайық. Тіпті солар үшін ресейлік "Спутник" вакцинасының 157 данасын өз қалтамнан сатып алуға дайынмын. Елімізге жанымыз ашыса, бірінші кезекте депутаттардың қамын ойлайық. Медиктер, педагогтер мен студенттердің бәрі вакцина салдырып болғанша олар көп күтіп қалады. Бар жақсыны бірінші халықтың өкілдеріне – депутаттарға беру керек!

P.S. Кейін Американың нашар вакцинасын біздің дәрігерлер, педагогтер мен студенттерімізге, басқа да азаматтарымызға асықпай ала жатармыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз