Сәкен Майғазиев лауазымды қызметке тағайындалды

24 Желтоқсан 2020, 10:19
Сурет: видеодан алынды

Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымының директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және мұражайлар басқармасының басшысы Ханзада Есенованың осы сипаттағы бұйрығы жарияланды. Бұл туралы ақпаратты басқарманың баспасөз қызметі таратты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Ол "МузАРТ" тобының мүшесі ретінде танымал. 2018 жылдан бастап Майғазиев Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры болып жұмыс істеді.

Айта кетсек, "МузАрт" тобының тағы бір белді мүшесі Мейрамбек Беспаев та лауазымды қызметте. Ол бірер жыл бұрын Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?