Қазақстан мен БАӘ бір-біріне пайдалану үшін 49 жылға жер телімдерін ұсынды

i.siteapi.org i.siteapi.org
Бөлінген жерге елшіліктердің ғимараттары салынады.

Сенат Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді атап өткендей, 2017 жылғы 15 қаңтарда Абу-Даби қаласында жасалған осы келісімді ратификациялау екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру және Қазақстан мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қатынастарды дамыту үшін маңызды.

Сонымен қатар аталған келісімде жер пайдаланудың, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес оларға берілетін жер учаскелерінде елшіліктердің ғимараттары мен құрылыстарын салудың шарттары, тәртібі айтылады. Бұдан басқа, екі тарап бір-біріне коммуналдық құрылыстарға барлық қажетті қосылуларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

Осы келісімнің 1-бабына сәйкес, Әмірлік тарапқа Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік пен Рақымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан ауданы 26 147 шаршы метр жер учаскесі бөлінген, ал қазақстандық тарапқа Абу-Дабидің дипломатиялық корпусында орналасқан ауданы 11 148 шаршы метр жер учаскесі беріледі. Онда да 49 жыл мерзімге ақысыз пайдалануға рұқсат етілді, кейіннен оны осындай мерзімге тағы ұзарту мүмкіндігі бар, - дейді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз