Тоқаев пен Путин бір-біріне сыйлық ұсынды
Берік Уәли
Қазақстан Президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының екі томын сыйлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне сыйлық берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Омбы қаласындағы ынтымақтастық Форумының ресми шараларынан кейін Мемлекеттер басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті.
Қазақстан Президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының екі томын сыйлады", деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетсек, 7 қараша қос елдің Президенттері Омбыда өткен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript