Алматы Аяз атаға тыйым салды. Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

24tv.ua 24tv.ua
Қаулы жарияланған күннен бастап 3 күн өткен соң күшіне енеді.

Алматының Бас санитарлық дәрігері "Короновирустық инфекция ауруының алдын алу жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" қаулыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаулы мәтініне сәйкес:

Алматы қаласының тұрындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, сондай-ақ "ҚР Бас мемлекеттiк санитариялық дәpiгepiнiң қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Бас мемлекеттiк санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 02 қарашадағы №62 қаулысын iске асыру масқатында Қаулы кетемін:

1. Алматы қаласында короновирустық инфекция ауруының алдын алу жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" Алматы қаласының Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерiнiң 26.10.2020 ж. №64 қаулысына келесiдей өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) 1 – тармақтың 36) тармақшасы келесiдей абзацпен толықтырылсын: "мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде қосымша кезекшi топтардың ашылуы тоқтатыла тұрсын";

2) 1 – тармақтың 37) тармақшасы келесiдей абзацпен толықтырылсын: "қалалық мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейiн қосымша кезекшi сыныптарды ашу тоқтатыла тұрсын";

3) 1 – тармақтың 32) тармақшасы келесiдей редакцияда жазылсын: "жұмыс күндерi, демалыс және мереке күндерi, толтырылуы 30%-дан аспайтын және бiр келушiге 4 шаршы метрден кем емес, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын, әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимiн, күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық режимдi қатаң сақтай отырып, сауда объектiлерiнiң (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда желiлерi, сауда үйлерi), жұмыс уақыттары сағат 23.00-гe дейiн шектелсін, сонымен қатар бөлек тұрған және аталған сауда объектiлерiнде орналасқан азық-түлiк дүкендерi мен дәрiханалар жұмыстарын уақытпен шектелмей жалғастырады";

- азық-түлiк және азық-түлiк емес базарлардың қызметi жұмыс күндерi, демалыс және мереке күндерi сағат 17.00-гe дейiн, толтырылуы 30%-дан аспайтын және бiр келушiге 4 шаршы метрден кем емес, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын, әлеуметтiк қашықтықты, бетперде режимiн, күшейтiлген санитарлық-дезинфекциялық режимдi қатаң сақтай отырып, рұқсат етілсін;

- үй жанындағы дүкендер мен дәрiханаларға сауда залында кiре берiсте бiр келушiге 4 ш.м. аспайтын есеппен толтырылу нормалары ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық режимдi сақтау қажеттігі көрсетiлген маңдайшалар және әлеуметтiк қашықтықты қашықтықты сақтау таңбалары орнатылып, сақталуы қамтамасыз етiлсiн;

- отырғызатын орындары жоқ, стационарлық емес, жанаспайтын сауда объектiлерiнiң (авто-экспресс, донерлiк және бургерлiк), сондай-ақ халыққа қызмет көрсететiн объектiлердiң (химиялық тазалау, киiмдi, аяқ киiмдi жөндеу және т.б.) кызметiне рұқсат етiлсiн;

4) 1 – тармақтың 65) тармақшасы келесiдей редакцияда жазылсын:

"толтырылуы жобалық қуаттың 50%-ғa дейiн, бipaқ залда 50 отыратын орыннан артық емес және бiр столға 4 отыратын орыннан артық емес, ұжымдық іс-шаралар өткiзбей, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып және шоттар бойынша төлемдердi 22.00-ге дейiн жабуды қамтамасыз етiп, соның iшiнде сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiне 7.00-ден 23.00-гe дейiн рұқсат";

5) 1 – тармақтың 44) тармақшасы келесiдей редакцияда жазылсын:

ҚР БМСД №57 қаулысыньң талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсiпорындардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектiлерiнiң қызметіне рұқсат беріледі. Бұл ретте технология тәртібінде жұмыс орнында болуы шарт мекемелерден басқа (құрылыс, өндiрiс мекемелерi), қызметкерлердiң 60-80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу тәсілі мiндеттеледi (штат кестесiнде 15-тен астам қызметкері болса);

6) 1 – тармақтың 25) тармақшасы келесiдей редакцияда жазылсын:

"ойын-сауық, спорттық iс-шараларды, көрмелердi, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық салтанатты, мерекелiк, естелiк iс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), сонымен қатар үйде және адамдар көп жиналатын өзге де iс-шараларды (10 адамнан астам) өткізуге тыйым салынсын, ал 25 желтоқсан мен 05 қаңтар аралығында барлық мекемелер мен ұйымдарда жаңа жылдық ойын-сауық шараларына, аниматорларды (Аяз ата, ақша-қар және басқа жаңа жылдық кейiпкерлерiн) үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынады".

7) 1 – тармақтың 49) тармақшасы келесiдей редакцияда жазылсын:

"үздіксіз өндiрiстiк циклi бар өнеркәсiп кәсiпорындарының қызметіне; ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына ҚР БМСД №57 қаулысынын талаптарын сақтай отырып рұқсат беру; өндiрiстегi технологиялық процестiң ерекшелiгiн ескере отырып, қашықтықтан жұмыс істеуге жiберiлетiн қызметкерлердің және кеңсе қызметкерлерінің пайызын анықтау; өнеркәсіптік, құрылыс және автокөлік кәсіпорындарының қызметкерлерiн жұмысқа жеткiзу және тасымалдау үшiн қызметтік көлікті ұйымдастыру ұсынылсын";

8) 52) тармақша келесiдей редакцияда жазылсын:

"ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндерi сағат 10:00-ден 18.00-гe дейiн және сенбi күндерi сағат 10:00-ден 15:00-ге дейiн жұмыс кестесін белгiлей отырып, ХҚО жұмысын жұмысын ұйымдастыру"; абзацпен толықтырылсын: "ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын peттеy және дамыту агенттігінің 15.08.20 ж. №324 және 18.09.20 ж . №361 қабылдаған бiрлескен бұйрықтарына сәйкес қаржы секторы кәсiпорындарының (ЕДБ, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру және брокерлік компаниялар, ломбардтар, айырбастау пункттерi және т.б.) жұмыс режимі айқындалсын".

9) 1 – тармақтың 46) тармақшасы келесiдей редакцияда жазылсын:

"COVID-19-ғa ПТР-зерттеп-қарау анықтамасынсыз халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектiлер мен ұйымдардың (қонақ үйлер) қызметіне ҚР БМСД №57қаулысының талаптарын және толтырылуын 80%-дан аспауын сақтай отырып, демалушылардың 3 күннен астам тұратын жағдайда COVID-19-ғa ПТР-зерттеу нәтижесiнiң алу мерзiмi 72 сағаттан кешiктiрмей алынған анықтамасы болса, туризм объектiлерiне (демалыс үйлерi, санаторийлер, кypopттap, туристiк базалар) рұқсат етiлсiн"; сондай-ақ мынадай абзацтармен толықтырылсын: - "әрбiр сеанс кезiнде "Медеу" мұз айдынының бiр мезетте толтырылуы 750 адамнан және "Шымбұлақ" курортына келушiлер жобалық көрсеткiштiң 30%-ынан аспайтын, тестiлiк режимде жұмыс iстеу кезiнде белгiленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектiлерiнiң – "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығының және "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының жұмыстарын жалғастыру";

- "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының және Медеу" спорттық-сауықтыру орталығының қоғамдық тамақтану объектiлерiнiң жұмысын тамақтану залында және ашық ауада толтырылуы отыратын орындардың 50%-дан аспайтын, бiрақ ұжымдық iс-шараларды өткiзбей, үстелдер арасындағы 2 м. қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын қатаң сақтай отырып жалғастыру";

10) 1 – тармақ келесiдей редакциядағы 69) тармақшамен толықтырылсын:

"iндетке қарсы шектеу тәртiбi аясында, меншiгiнде үй-жайлары бар жалға берушiлер тыйым салынған қызмет түрлерiмен айналысатын заңды тұлғаларға меншiктерiн жалға беруге жол бермесiн";

11) 1 – тармақ келесiдей редакциядағы 70) тармақшамен толықтырылсын: "Алматы гарнизонының қолбасшылығы барлық әскери бөлiмдерде қамтамасыз етсiн:

- тапсырылған әскери бөлiмшелерде инфекция ошақтарының алдын алуға және оқшаулауға бағытталған коронавирусық инфекция бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық iс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бақылау;

- қалалар мен облыстардың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерiне ҚР ДСМ бiрыңғай базасында есепке алу және эпидемияға қарсы және басқа да iс-шараларды ұйымдастыру үшін ҚР өңірлерінде орналасқан бөлiмдерде КВИ жұқтырудың әрбiр жағдайы бойынша акпарат ұсыну;

12) 2 – тармақтаң 5.3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: "айына 2 рет еселiкпен – мемлекеттік органдардың (әкiмдiктердiң және олардың структуралық бөлiмшелерiнiң, прокуратуралардың, полицияның, Алматы қаласы ТЖД мен аудандық бөлiмшелерiнiң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, соттардың, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің,әлеуметтік қорғаудың) мәйiтхана, медициналық-сот экспертиза қызметкерлері, волонтерлер (әкiмдiктердiң ұсынған тiзiмдерiне сәйкес)";

13) 1 тармақтың 26) тармақшасы ҚР мемлекеттік Бас санитарлық дәрігерінің 2 тарағының 3) тармақшасына сәйкес толықтырылған редакцияда жазылсын:

ойын-сауық мекемелерiнiң (караоке, бильярд, компьютерлiк, түнгі және ойын клубтары, боулинг-орталықтар, балалардың спорттық және ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, корттар және жабық үй-жайлардағы басқа да), сондай-ақ бару арқылы жұмыс iстейтiн букмекерлiк кеңселер мен лото-клубтардың қызметіне тыйым салынсын;

14) 1 тармақтың 28) тармақшасы ҚР мемлекеттік Бас санитарлық дәрiгерiнiң 2 тарағының 5) тармақшасына сәйкес толықтырылған редакцияда жазылсын: "орналасқан орнына қарамастан, салтанат пен банкет залдарына, фудкорттардың (жеткiзу қызметі мен оның уақытын шектемей) жұмысына тыйым салынсын";

15) 1 – тармақ келесiдей редакциядағы 70) тармақшамен толықтырылсын:

"коронавирустьң белсенді ошақтары бар көпқабатты тұрғын үйлердiң подъездерiнде профилактикалық дезинфекция қамтамасыз етiлсiн".

2. Осы қаулы барлық мүдделi ведомстволардың назарына жеткiзiлсiн, тұрғындар бұқаралық ақпарат және әлеуметтiк желiлер арқылы хабардар етілсін.

3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментiнiң сайтында жарияланған күннен бастап 3 күн өткен соң күшіне енеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз