Жаңалықтар тізбегі
0

Бас санитардың "ҚР халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы" Қаулысы

egov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2020 20:49 egov.kz
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлиялық дәрігерінің "ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Қаулысы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

І. Елге кіретін орындардағы шектеу іс-шаралары

1. Тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі департаменті, аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде барлық адамдарға (жолаушылар, тасымалдаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер және басқалар) міндетті термометрия және сауалнама жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;

2) сауалнамаларды рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің веб қосымшасына бере отырып, оларды тану жүйесінің деректерін өңдеуді жүргізуді;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы аумақтық өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік бойы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, I-II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері немесе бір рет қолданылатын қорғаныш (обаға қарсы костюмдері) және дезинфекциялық құралдармен жабдықтауды;

4) тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында КВИ-дың таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша көліктік бақылау бекеттерінде санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

5) КВИ-дың таралуының алдын алу жөніндегі көрнекі үгіт парақтарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ КВИ-дың профилактикасы мәселелері бойынша дауысзорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды хабардар етуді;

6) КВИ-дың әкеліну және әлемде таралу қаупінің жағдайларында Қазақстаннан шығатын Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және шетелден келетін барлық азаматтарға оның профилактикасы мәселелері бойынша жадынамалар таратуды;

7) КВИ-дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;

8) жергілікті атқарушы және жоғарыда тұрған органдарға анықталған ЖРВИ-дың күдікті жағдайлары жөнінде хабарлау алгоритмдерін қайта қарауды және ілуді;

9) КВИ-дың таралуының профилактикасы және алдын алу шаралары бойынша мемлекеттік шекарадағы бақылау органдарының қызметкерлеріне нұсқама беруді қамтамасыз етсін.

ІІ. Республика аумағындағы шектеу іс-шаралары

2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен айналысатын адамдарды қоспағанда, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1а) санаттағы елдерге соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен, осы елдерден келген адамдарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулай отырып, 14 күн бойы карантинді;

2) үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен айналысатын адамдарды қоспағанда, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1б) санаттағы елдерден келген адамдарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойы тұрғылықты (келген) жері бойынша үйде оқшаулауды (үйдегі карантинді). Үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу ұсынылады.

1а) санатындағы елдерден келген авиакомпаниялардың бортсеріктері 1б) санаттағы елдерден келген адамдар сияқты үйде оқшаулауға (үйдегі карантин) жатады;

3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2-санаттағы елдерден келген адамдарды ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойы қоңырау шалу арқылы тұрғылықты жері бойынша МСАК-тың медицина қызметкерінің бақылауында болуын қамтамасыз етсін.

1а) және 1б) санатындағы елдерден келген үкіметтік делегациялардың мүшелері, дипломатиялық төлқұжаттардың иелері, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен айналысатын адамдар 2-санаттағы сияқты қоңырау шалу арқылы тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.

3. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;

2) бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды;

3) Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындауды жүргізу үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), спорт кешендері (үйірмелер, секциялар), сауда-ойын-сауық орталықтарындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.) қызметін тоқтата тұруды;

4) медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, КВИ бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды. Азаматтарға шетелге емделуге тек екі еріп жүруші адаммен келесі құжаттар болған жайдайда шығуға рұқсат:

- диагнозды анықтау және шұғыл емдеу туралы көрсетілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министруінің міндетін атқарушы 2010 жылдың 23 қарашасында № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысына;

- аудармасы нотариуспен бекітілген шетелдік медициналық ұйымның емдеуге шақырту хатына сәйкес беріледі.

5) қоғамдық тамақтану объектілерінде кальяндарды қолдануға тыйым салуды;

6) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында толық карантинді (баруға тыйым салу) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді;

7) адамдар көп жиналатын объектілерде және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, діни мақсаттағы, ХҚКО, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салалары (сұлулық салондары, ателье және басқалары) қонақ үйлер және т.б.), денсаулық сақтау (оның ішінде дәріханалар) және білім беру объектілерінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне кемінде екі рет беттерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып ылғалды тазалау, желдету);

8) әрбір рейстен кейін, қоғамдық көлік тоқтағаннан кейін қоғамдық көлікті, ортақ пайдалану орындарын (жаяу жүргіншілер жолдары, саябақтар, скверлер, алаңдар және т.б.) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді (күніне екі реттен кем емес);

9) көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін оралған түрінде сатуды;

10) сауда, қоғамдық тамақтану объектілерде халыққа қызметті ауысымына және бүтіндігі бұзылған кезде кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қоданылатын қолғаптармен (сатушылар, аспазшылар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) көрсетуді;

11) ірі сауда объектілері аумағында орналасқан фуд-корттарда үстелдер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуын;

12) белсенді эпидемиологиялық қадағалауды, КВИ-дың клиникалық белгілері бойынша ұқсас вирустық инфекция белгілері бар науқастарды (және күдікті адамдарды) анықтауды және оқшаулауды;

13) іс-әрекеті КВИ-ға күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың қорғаныш дәрежесі жоғары маскаларды немесе респираторларды пайдалануын;

14) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары үшін КВИ-дың әкеліну және таралу қаупі жағдайында КВИ-дың эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді, Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді;

15) І-ІІ типті қорғаныш костюмдерін және жеке қорғаныш құралдарын көрсете отырып, КВИ кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, нұсқама жүргізуді;

16) турларды ұйымдастырушылар (туристік фирмалардың мамандары) мен саяхатшылар (медициналық, жеке және бизнес туризмі) арасында КВИ-дың таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша нұсқама және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

17) КВИ-дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі хабардар етуді, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды енгізуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп:

1) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарын каникулға шығаруды;

2) ТжКБ және жоғары білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға (техникалық мүмкіндік болған жағдайда барынша көшіруді қамтамасыз етуді), оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге көшіруді;

3) білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында санитариялық-дезинфекциялық режимді (желдету, ауысымда кемінде үш рет ылғалды жинау, дезинфекциялау) сақтауды;

4) оқытудың кабинеттік жүйесін тоқтатуды;

5) мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі топтар үй-жайларын кварцтауды;

6) мектепке дейінгі балалар мекемелерінде таңертеңгі сүзгі (балаларды топқа қабылдау кезінде қарау) өткізуді;

7) каникул және төтенше жағдайдың қолданылуы кезінде оқушылардың экскурсиясына тыйым салуды қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1а, 1б, 2, 3-санаттағы елдермен халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеуді қамтамасыз етсін.

6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:

1) КВИ бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын күзетуді;

2) КВИ бойынша байланыста болған адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп халық арасында КВИ-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандырсын.

ІІІ. Инфекция ошақтарын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

8. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес КВИ тіркелген кезде мониторингілеу және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында жолаушылардың деректерін өңдеу алгоритмі бекітілсін.

9. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес КВИ-ды жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібі бекітілсін.

10. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) КВИ ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар үшін қосымша провизорлық стационарларды ашуды;

2) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарларды ашуды;

3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нұсқаулықты сақтай отырып, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды тасымалдауды;

4) халықты КВИ-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданатын шаралар туралы хабардар етуді;

5) реанимациялық жабдықтардың қажетті санын (ӨЖЖ аппараттары, перфузорлар, пульсоксиметрлер, кардиомониторлар) сатып алуды қамтамасыз етсін.

11. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, КВИ-мен ауыратын науқастарды және КВИ ауруына күдікті адамдарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарларда бөлек төсектер бөлуді;

2) пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) КВИ ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді;

3) КВИ-мен ауыратын науқастарды инфекциялық стационарда емдеуді;

4) КВИ ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастарды провизорлық стационарға емдеуге жатқызуды және медициналық тексеруді;

5) КВИ ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастарды зертханалық тексеруді;

6) үйде оқшаулау жағдайы болмаған кезде коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды карантиндік стационарда оқшаулауды;

7) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен жақын байланыста болған адамдардың үйдегі карантинін;

8) үйде карантиндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша парақтарды (еңбекке жарамсыздық парағын) ресімдеуді;

9) байланыста болған қалған адамдарды қашықтықтан медициналық бақылауды;

10) ЖРВИ белгілері болған кезде (18 жасқа дейінгі балалар, 60 жастан асқан адамдар, жүкті, онкологиялық аурулар, транспланттаудан кейінгі пациенттер, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар пациенттер) динамикалық бақылау шеңберінде пациенттер үшін маскалар беруді тегін қамтамасыз етуді;

11) тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге үйге рецептерді онлайн-беруді немесе жеткізуді ұйымдастыруды;

12) МСАК дәрігерлерінің қабылдауын және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің консультацияларын қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстыруды;

13) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың шұғыл медициналық көмек бригадаларының санын ұлғайтуды;

14) қажет болған жағдайда жоспарлы медициналық қызметтерді (жоспарлы ауруханаға жаткызу, профилактикалық тексеру, скринингтер, оңалту) көрсетуді тоқтату /шектеу;

15) КВИ-мен ауыратын пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті;

16) стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантин енгізуді.

12. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары:

1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес КВИ-ды жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібін орындауды;

2) ҚР азаматтары, шетелдік азаматтардың жалпы саны бойынша бөліп көрсете отырып, ҚХР-дан, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз өзге де елдерден келген шетел азаматтарын бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасынан өтетін адамдар туралы күн сайынғы мониторингті және өткен тәуліктегі ақпаратты келесі күнгі сағат 02-00-ге дейін ұсынуды;

3) байланыста болған адамдарды оқшаулаудың жүргізілуін, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қол қойғыза отырып, хабарлама беруді;

5) бірінші және екінші деңгейдегі байланыста болған адамдардың тобын және эпидемияға қарсы іс-шаралар көлемін 48 сағат ішінде анықтай отырып, КВИ-дың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тексеруді;

6) халықты КВИ-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қабылданатын шаралар туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.

13. "ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес КВИ бойынша қолайсыз елдердегі КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың мониторингін жүзеге асырсын;

2) күн сайын сағат 19-00-ге дейін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне, денсаулық сақтау басқармаларына және облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттеріне санаттар бөлігінде КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдердің тізбесін ұсынуды;

3) КВИ тіркелген елдердің тізімін сайтта күн сайын орналастыруды қамтамасыз етсін.

14. "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҰСО):

1) КВИ-мен ауыратын науқастарды және байланыста болған адамдарды зертханалық тексеруді;

2) КВИ ошақтарын дезинфекциялық өңдеуді;

3) КВИ-мен ауыратын науқастардан үлгілерді алуға арналған зертханалық шығыс материалдарының, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың төмендемейтін қорын;

4) КВИ-ға күдік туындаған жағдайда ДДҰ ұсынымдарына сәйкес КВИ диагностикасының әдістері бойынша зертханалардың мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;

5) КВИ-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда КВИ-мен ауыратын науқастардан материалды алу және тасымалдау, КВИ-ға күдікті науқастарды тасымалдау, КВИ-ға күдікті науқастардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

15. "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" (бұдан әрі – ҚДСҰО), "М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" (бұдан әрі – АҚИҰҒО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары:

1) Орталық референс-зертхананың КВИ-ге зерттеулер жүргізу үшін сынамалар қабылдауға дайындығын;

2) КВИ-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда аумақтық обаға қарсы күрес станциясы зертханасының базасында, ал олар болмаған жағдайда – аумақтық сараптама орталығының аса қауіпті инфекциялар зертханасында зерттеу жүргізу үшін АҚИҰҒО маманының шығуын;

3) тәулік бойы әлемнің елдеріндегі КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың мониторингін;

4) ДДҰ байланыс пункті арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тұрақты өзара іс-қимылды (аптасына 7 күн 24 сағат) қамтамасыз етсін.

16. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің басшылары байланыста болған адамдарды іздестіруге, оларды провизорлық және карантиндік стационарға оқшаулауға, сондай-ақ провизорлық және карантиндік стационарларды күзетуге жәрдем көрсетсін.

17. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды деп саналсын.

18. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

19. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж.Бекшин

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: