"Qazaqstan" түсірген Абай телехикаясы Түркияда көрсетіледі

qazaqstan.tv qazaqstan.tv
6 бөлімді телехикая ағылшын және орыс тілдіріне де аударылып жатыр.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясының ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап түсірген "Абай" тарихи телехикаясы Түркияда көрсетілмек. Түркияның мемлекеттік "TRT" телерадиокорпорациясы өз арналарында "Абай" телехикаясын көрсетуге қызығушылық танытты. Қазір екі арна арасында келісім жасалуда, дейді "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі.

"Сонымен бірге сериалға ТМД-дағы ең үздік онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасы қызығушылық білдіріп отыр. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде", - деп хабарлайды телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі.

6 бөлімді телехикая ағылшын және орыс тілдіріне де аударылып жатыр.

"Абай" телехикаясы Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді. Туындының режиссері – Мұрат Бидосов. Телехикаяға жазушы-драматург Дулат Исабеков кеңесшілік етті. Басты рөлді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдады.

Хакім өмірінен сыр шертетін алғашқы телевизиялық сериалды қазақстандықтар Ұлттық арна эфирінен Тәуелсіздік мерекесінде тамашалады.

"Абай" телехикаясында кешірілмейтін кемшіліктер жүр

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз