Үш ай болды: Алматыда ковидпен күресуші ақ халаттылар үстемақы түгілі, жалақы ала алмай жүр

видеодан алынды видеодан алынды
Бұл арада №1 қалалық клиниканың жайы туралы сөз қозғалуда.

Алматыдағы №1 клиникалық аурухана дәрігерлері үстеме ақыларын ала алмай жүр. Үстемақы былай тұрсын, соңғы кездері жалақымыз да дұрыс төленбейді, дейді ақ халаттылар, деп хабарлайды zakon.kz astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарлығаш ИСАБЕКОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЛАБОРАНТ ДӘРІГЕРІ:

- Біздің ақшамыз неге төленбейді. Үш ай болды біз ақшамызды алмағанымызға. Төленуін талап етеміз. Пульмонологияның барлық больнойлары бізде обслуживается. Бізге келеді.

Аурухана күніне кем дегенде 30 науқас қабылдайды екен. Олардың дені пневмония немес ковидке шалдыққандар көрінеді. Күн-түн демей қызмет етіп, апталап жанұясын көрмеген ақ халаттылар еңбектерінің бағаланбағанына наразы.

Әлия БАЙДУЛЛАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМНІНІҢ МЕДБИКЕСІ:

- Біз тұншығып, маскамен оранып жүреміз. Бізге положено нәрсені беруі керек. КВИ мен почти пневмониямен бүкілі келеді. Астмалар келеді. Көбінесе пневмонияларды тасымалдайды. 20 адам болса сол 20 адамның 15-і пневмониямен келеді.

Руслан ӨТЕПБЕРГЕНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМНІНІҢ САНИТАР ДӘРІГЕРІ:

- Бізге үстемақы бастапқыда уақытылы беріліп жүрді. Қыркүйек айынан бастап тоқтап қалды. Күн-түн демей осында жұмыс істеп келеміз, неге қаражатымыз дұрыс берілмейді? Неге бізді ешкім елемейді?

Дәрігерлер наразылық білдіріп басшылыққа талай барған. Мәселе шешімін таппағандықтан дәрігерлер бүгін ақпарат құралдарынан көмек сұрап отыр.

Эрнест ҚАЛИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Біздің аурухананы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржыландырады. Иә, үстеме ақының төленбей жүргені рас. Қордың айтуынша, біздің қабылдау бөлімімізде олқылық бар. Ауруханамызда арнайы сүзгі болуы керек екен. Келген науқастар дәрігермен сол сүзгі артынан сөйлесуі шарт. Бұл мәселе жақында шешіледі.

Сақтандыру қоры бұл мәселені растап отыр. Респираторлық инфекциялар мен тұмау эпидемиясы кезінде ауруханаларда мұндай сүзгілер міндетті түрде тұруы керек екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз