Алматыда ақ аю алтыншы туған күнін атап өтті
Сурет: Zakon.kz
Алматы хайуанаттар бағындағы Пурга есімді ақ аю алты жасқа толды. Бақ қызметкерлері бұл жануар туралы қызық деректерді ерекше жолмен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы зообағы аю мен оның бақтағы өмірі туралы өз атынан баяндап берді.
Менің атым – Пурга. Жасым алтыға толды. Жақын достарым мен жанашыр жандар маған торт сыйлап, туған күніммен құттықтады. Өзім туралы қысқаша айта кетейін:
- Мен Мәскеу хайуанаттар бағынан келдім.
- Қазір Алматы зообағында, аумағы 750 м² болатын кең, үлкен вольерде тұрамын.
- Мұнда екі үлкен бассейн бар. Күнде таңертең сонда шомылғанды жақсы көремін.
- Зообақта менің өз үйшігім – "аю апаны" бар. Сол жерде тынығамын.
- Онда суық еден төселген және ішінде салқындатқыш жұмыс істейді.
- Жазда, күн жылы, ыстық кезеңде мен сол салқын үйшіктен далаға көп шыға бермеймін. Сондықтан жазда келушілер мені көп көре бермейді. Суық жерде мен өзімді жақсы сезінемін.
- Таңертең, түсте, кешке жейтін қоректерім әртүрлі: тауық еті, балық, жеміс-жидектер. Дәрумен ретінде балық майын да жеймін. Бұл қоректерді өз үйшігімде, оңаша отырып жегенді ұнатамын. Менің сүйікті мезгілім – қыс.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript