Өмірзақ Шөкеевтің облысында жаз бойы еңбек еткен жұмысшылар ақы алмады

видеодан кадр видеодан кадр
Жұмысшылар алдындағы қарыз 50 миллион теңгеге жеткен.

Жаңа университеттің ескі ғимаратын жөндеген азаматтар күнде жұмыс істеген нысанға келіп, маңдай тер, табан ақыларын талап еткенімен, ештеме өндіре алар емес. Себебі, бұлармен келісімшарт жасаған компания істі жарты жолда тастап, кетіп қалған екен. Есесіне, жұмысшылар алдындағы қарызы 50 миллион теңгеге жеткен. Амалы таусылған жұрт енді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұрауға мәжбүр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ділмұрат Бағланов, жұмысшы:

Кірпіш бұздық, пол бұздық. Мусорларды тасыдық. Енді ақымызды ала алмай жатырмыз. 300 мың алуым керек, өзім. Лично өзім алуым керек.

Жалақы дауы жазда басталыпты. Осы бір топ азамат жұмыс істейтін серіктестік бас мердігермен құны 50 миллион теңгеге келісім шарт жасасып, қосалқы компания ретінде университетке қажетті ескі нысанды демонтаждау жұмысын жүргізу керек болған. Ол жұмысқа Түркістанның айналасындағы Жүйнек, Шекербұлақ және Қарнақ секілді бірнеше ауылдың 60-қа жуық жұмыссыз азамат тартылған. Сөйтіп тапсырыс екі айдың ішінде орындалып, қабылдаған. Соған қарамастан жұрт маңдай тер, табан ақысын ала алмай жүр.

Фарух Расулов, бригадир:

Объеммен қабылдап алды сол жерде. Көріп алды. Біз көрсеткенбіз. Әр бұзылған нәрсенің бәрін көрсеттіп, біз сөйтіп, нықылғанбыз.

Мадина Есмұратова, бригадир:

Жаздың күннің ыстығында, шілденің ыстық күндері мынаның іші шаң деген, тозаң деген, мусор деген айтарлықтай. Соның бәрін күннің ыстығында жұтып шаңдарын, табан ақы, маңдай теріміздің ақшасын берсін. Біз ешкімнен ештеме сұрап жатқанымыз жоқ.

Жұмысшылардың кейбірі күніне 5 мың теңгеге келісіп еңбек етсе, екінші бір бригада жұмыстың көлеміне қарай тапсырысты орындағандарын айтады. Әрқайсысы шамамен 200 мың теңге көлемінде айлық алулары тиіс болған.

Рамазан Маматаев, жұмысшы:

Олардың да бала-шағалары бар. Көмір түсірулері керек. Қыс та келді міне. Күніге ертең-ертең дейді, міне, 6 ай өтіп кетті ертең дегендеріне.

Шыдамы таусылған бірқатар азамат осы күні өзге жаққа жұмыс іздеп босып кеткен. Олардың жалақасын даулап, ата-анасы жүр.

Ырысалат Алданова, жұмысшының анасы:

Енді Астанаға кетті, ана жерде жұмыс бар екен деп балалармен бірге кетті. Ол жақта да мандытып болып жатқан жоқ дейді. Жатырмыз, квартираның ақшасы керек, мама дейді. Енді ол квартираның ақшасын өзім беруім керек. Жақында кредит алды, оны төлеуім керек. Мен бір пенсиям 60 мыңды қай жағына жеткіземін. Өзім көпбалалы анамын.

Мәселенің анығын білмекке қосалқы компания өкілін сөзге тарттық. Ол да азар да безер болып отыр. Бас мердігер жұмыс ақысын "әне беремін, міне, беремін" деп ақыр соңында алдап кетті, дейді. Енді амалсыз, үйі мен көлігін кепілге қойып, кейбір жұмысшылардың жарты ақшасын төлеуге мәжбүр болған.

Нұрлан, қосалқы компания өкілі:

Біз енді өзіміз жалдаған жұмысшыларымызға қалтамыздан өзіміз ақша төлеп келе жатырмыз осы күнге дейін. Қазір, енді жалпы материалдық жағдайға байланысты толығымен өтеп бере алмаймыз. Себебі, біз өзіміздің ақымызды алған жоқпыз.

Амалы таусылған жұрт енді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұрауға мәжбүр. Себебі, тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы көрінеді. Ал, еңбек инпекциясы болса, сотқа жүгінуге кеңес берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз