Жаңалықтар тізбегі
0

Салығын төлемеген ақтаулықтың көлігі тәркіленді

Маңғыстау облысы бойынша МКД, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2021 18:03 Маңғыстау облысы бойынша МКД
Ол миллион теңгеге жуық қарыз.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қасақана төлемегендерге қатысты төтенше шаралар қолдана бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция қызметкерлері және сот орындаушыларының көмегімен борышкерлердің автокөліктері көшеде ұсталып, айыппұл тұрағына жеткізіледі.

Салық қарызы 750 мың теңгеден асатын Ақтау тұрғынының автокөлігі айыппұл тұрағына берілді. Көлік Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Әкімшілік полиция және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы қызметкерлерінің рейдінде тәркіленді.

Көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша берешегі бар автомобильдерді анықтау және арнайы айыппұл тұрағына қою бойынша рейдтер жүргізу кезінде 2019-жылдан бастап 2020-жылға дейін салық бойынша берешегі үшін Мерседес маркалы автомобиль тоқтатылды. Аталған автокөлік көлік салығы бойынша қарыздың жалпы сомасы 750 мыңнан астам теңгеге тәркіленді.

Қарызды өтегенге дейін иесі көлікті полицияның арнайы айыппұл тұрағына берді. Рейдтік іс-шара жыл соңына дейін жалғасады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2021 18:03

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2021 18:03

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: