Парламентке мүгедектердің тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі жоба түсті

today.kz today.kz
Құжат 10 кодекс пен 65 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасында келесі жаңашылдықтар бар.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Үкіметі атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат 10 кодекс пен 65 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасында келесі жаңашылдықтар бар.

Бірінші. I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу. Бұл бала кезінен мүгедек емес 23 мыңнан астам адамға қатысты.

Екінші. 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу ұсынылады және олардың жәрдемақы мөлшерін ұлғайту мәселесі қайта қаралатын болады. Шара 80 мыңнан астам адамды қамтиды.

Үшінші. Банкроттық рәсімдерін жүргізу кезеңінде жұмыс берушінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету түрінде әлеуметтік қолдау көрсету ұсынылады.

Төртінші. Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың кәмелетке толғаннан кейін және бала I және II топтағы мүгедектік алғаннан кейін мемлекеттік қордан тұрғын үй алғанға дейін есепте тұру құқығы сақталатын болады.

Бесінші. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамайтын жұмыс берушілер үшін қолданыстағы айыппұлдарға балама ретінде өтемақы жарналарын енгізу ұсынылады.

Жиналған қаражатты арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға; мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қажетті дағдыларға оқытуды ұйымдастыруға; әлеуетті жұмыс берушілерде мүгедектігі бар адамдардың ақы төленетін тағылымдамаларын ұйымдастыруға бағыттау жоспарлануда.

Алтыншы. Табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтамалар, "Инватакси" және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Әлеуметтік қызметтер порталына кезең-кезеңімен көшірілетін болады.

"Бұдан басқа, ұзақ уақыт бойы кемсітушілік сипатқа ие болған "мүгедек" терминінің орнына "мүгедектігі бар адам" деген тұжырымды заңнамалық деңгейде бекіту көзделіп отыр. ТМД-ның бірқатар елдері мұны жасады. Сондай-ақ, "жеке көмекші" ұғымы заңнамалық түрде бекітілетін болады. Бұл олардың мәртебесін арттыруға және жеке көмекшілер институтын жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді, олардың жұмысы бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынымдарына ғана негізделіп, ведомстволық НҚА-мен регламенттелген болатын", – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов.

Осы заң жобасын қабылдау мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, олардың қоғам өміріне неғұрлым белсенді интеграциялануына ықпал ететін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз