Жаңалықтар тізбегі
0

Экологиялық апат: Каспий теңізі тартылайын деп тұр

news.az, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2020 15:57 news.az
Судың азаюына байланысты көптеген балық түрлері, Каспий итбалығы, моллюсктер мен шаян тәрізділердің бірталай түрі жойылады.

Каспий суы жедел қарқынмен тартыла бастайды, ал ХХІ ғасырдың аяғына қарай суы 9-18 метрге таязданады – бұл су көлемінің 25%-ға төмендеуіне әкеледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Австралияның The Conversation ғылыми басылымы жазады.

The Conversation зерттеушілерінің бағалауынша, Каспий теңізінің суы тартылғанда 93 мың шаршы метр құрлық жер пайда болады. Бұған климаттық өзгерістер себеп. Каспий теңізінің су деңгейі оған құятын өзендерге, негізінен солтүстіктен ағатын Еділге, жауатын жауын көлеміне және қанша судың буланатынына байланысты. Болжам бойынша, бұл аймақта температура 3-4 ℃ жоғарылайды, сол кезде судың булануы апатқа әкеледі, деп жазады басылым.

Судың азаюына байланысты көптеген балық түрлері, Каспий итбалығы, моллюсктер мен шаян тәрізділердің бірталай түрі жойылады, оның ішінде тек Каспий теңізінде тіршілік ететін түрлері бар.

Каспий итбалығының 99%-ы Каспийдің солтүстігіндегі қысқы мұзда өседі. Бірақ болашақта ол қысқы мұз жойылады. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай қырылуынан нағыз экоцид болайын деп тұр, дейді зерттеушілер.

Каспий теңізі – суы Иран, Қазақстан, Әзербайжан, Ресей және Түркіменстан жағалауларын басып жатқан әлемдегі ең үлкен көл. Көлдің деңгейі жылына орта есеппен 7 см-ге төмендейді. Ғалымдардың пікірінше, енді судың тартылу қарқыны тек өсе береді.

2018 жылдың тамызында бес мемлекеттің басшылары Каспий теңізінің акваторийі мен түбін бөлісу туралы келіскен конвенцияға қол қойды. Мемлекеттер бұл конвенция туралы 20 жылдан астам уақыт бойы келіссөз жүргізуге тырысып келген. Құжатта Каспий акваторийін ішкі суға, территориялық суға, балық аулау аймақтарына және ортақ аймаққа бөлуді ұсынады. Бірақ ол конвенцияда теңізді тартылудан құтқару шаралары туралы айтылмайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: