Жаңалықтар тізбегі
0

Үйінен қашқан екі бозбала өздерін Алматыда біреулер күштеп ұстап отырғанын айтқан

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2020 20:59 видеодан алынды
Полиция дереу іс-шаралар қолданды.

Ақтаудан Алматыға келген екі бозбала өздерінің қайда жүргендері туралы дәйекті ойдан құраған. Екеуі де Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының тұрғындары, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция анықтағандай, қос бозбала 23 желтоқсанда үйлерінен кетіп қалған. Содан бері олар іздеуде болған. Жігіттердің бірі - 17 жаста, екіншісі 18-ге енді толды.

Туған күнді және келе жатқан Жаңа жылды тойлау үшін жастар үлкен мегаполиске қарай тартады. Күні кеше біреуіне әпкесі хабарласты. Жігіттер оған Алматыда бейтаныс адамдар оларды күштеп ұстап отырғанын айтқан. Мұндай үрейлі ақпарат лезде бізге келіп жетті. Біз дереу іздеу тобын құрдық. Жедел іс-шаралардың нәтижелері бойынша тұрғын үй кешендерінің бірінде "жоғалып кеткендер" аман-есен табылды. Олардың жанында бейтаныс адамдар болған жоқ, - деді Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

Жігіттерді ата-аналарының келісімі бойынша Алматыдағы туыстарының қолына табысталды, олар өз кезегінде бозбалаларды үйіне жеткізуді өз мойыдарына алды.

"Мұндай фактілер бұдан былай қайталанбас үшін жас жігіттермен заң жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізілді", - дейді полициядағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: