Шымкентте екі азаматтың үйінен марихуана табылды
Алғашқы мекенжайды тексеру барысында ас үй мен жатын бөлмеден 22 гриппер пакетке салынған марихуана табылса, келесі үйден 1 полиэтиленді пакет толы дәл сондай есірткі заты тәркіленді.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Осыған байланысты Шымкент полициясы есірткімен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет қатаң жауапкершілікке тартуға әкелетінін ескертеді.