Атырауда суши жеп уланғандар саны 29-ға жетті

sushimania.kz sushimania.kz
Қазір сапасыз тағам дайындаған дәмхана жабық.

Атырауда суши жеймін деп уланғандар саны 29-ға жетті. Екі күн бұрын Жылыой аудандық ауруханасына астан ұшынған 16 адам түскен еді. Бәрінің симптомдары бірдей- жүректері айнып құсқан, іштері өткен.

Оларға астан ұшынған деген диагноз қойылды. Тексеру барысында анықталғанындай, тамақтан ұшынғандар аудан орталығындағы дәмханалардың бірінен үйлеріне сушиге тапсырыс берген екен. Қазір сапасыз тағам дайындаған дәмхана жабық. Ал сырқаттардың жағдайын ақ халаттылар орташа деп бағалап отыр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Нұргүл Ысмағұлова, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі:

Қазіргі таңда науқастардың бәрі ем-шара қабылдап жатыр. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары және санитарлық -эпидемилогиялық басқармасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз