Экстрасенс алматылық атқамінерлерге ескерту жасады

5 Қаңтар 2021, 09:20
Сурет: видеодан алынды

"Сиыр" жылы - елдің жаһандануына ең оңтайлы кезең болады. Нумеролог Құралай Бақытқызының болжамы осындай. Ал, экстрасенс Қажет Ахметжанова коронавирустан құтылатын уақытты айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz astanatv.kz-ға сілтеме жасап.

Сандардың сырын ашқан нумеролог, алдағы жылы да медицина қызметкерлері мен әскерилерге артылған жүк азаймайтынын жеткізді. Дегенмен, 2020-шы жылдағыдай қиындықтар болмайды, дейді. Жыл диханшыларға, бизнес бастағандарға қолайлы болмақ.

Құралай БАҚЫТҚЫЗЫ, НУМЕРОЛОГ:

- Осы жыл ауыл шаруашылығын дамытып, халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға жақсы мүмкіндік бар. Адам жоқтан барды жасап, өзін дамытып бір кәсіпті игеріп алдыға шағын бизнес ашады ма? Жалпы, өзін дамытып, бағалап, өсетін жыл.

Құралай Бақытқызы сиыр жылы да - металл болғандықтан, алдағы 6 ай қиындық тудыруы ықтимал екенін айтты. Сондықтан, адамдар жолға шыққанда сақ болуға кеңес береді. Ал, экстрасенс Қажет Ахметжанова коронавирустан құтылатын уақытты болжады.

Қажет АХМЕТЖАНОВА, ЭКСТРАСЕНС:

- Ол осы мартта кетеді, коронавирус. Бірақ та коронавирустың тағы бір формасы келейін деп тұр. Одан құтылғаннан кейін тағы да бір формасы келеді. 2023 жылға дейін 3 формасымен ауырады адамдар.

Ерекше дарын иесі Алматы қаласының атқамінерлеріне үндеу жасады. Өйткені 2021 жылы судан қауіп бар дейді.

Қажет АХМЕТЖАНОВА. ЭКСТРАСЕНС:

- Таудан да қауіп бар. Жер сілкінісі де болуы мүмкін. Су қоймасы күрделі жөндеуді қажет етеді, қауіпті. Сол үшін алдын алу қажет.

Дегенмен алдына мақсат қойған жандардың жолы болатын жыл екен. Ерекше дарынды балалар өмірге келеді деп отыр. Жылдың жаманы жоқ, бұл - ертеден келе жатқан қанатты сөз. Бастысы жамандықты ойламауға шақырады. Сиыр - көпшіліктің баспаналы болуына да мүмкіндік беретінін жеткізді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?