Ашаршылық туралы мәліметтерді мұқият зерттеу керек - Тоқаев

5 Қаңтар 2021, 10:35
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев 1920 жылдардағы аштық туралы мәліметтерді мұқият зерттеу керек деп санайды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс. Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді", - дейді Мемлекет басшысы.

Президент тарихымыздың бұл ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келе жатқанын және ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым да жоқ екенін баса айтты.

"Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек. Білікті мамандар жүйелі зерттеумен айналысып, соған сәйкес ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн. Біз бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Жалпы, тарихи зерттеулерді ұраншылдық пен даңғазасыз, таза ғылыми ұстаныммен жүргізген дұрыс", - дейді Президент.

20-жылдардағы қазақ даласындағы ашаршылық өлім-жітімнің өсіміне және адамдардың жаппай үдере көшуіне әкеліп соқты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?