БҚО тұрғыны отшашудың кесірінен бетін күйдіріп алды

5 Қаңтар 2021, 11:33
Сурет: Pixabay

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Жаңа жыл түні отшашудың кесірінен бетін күйдіріп алды, деп хабарлайды zakon.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

1 қаңтардан 3 қаңтарға дейін 58 адам қалалық көпсалалы аурухананың травматологиялық пунктіне көмекке жүгінген.

"13 адам көктайғақтан жарақат алды, мұз айдынында 3 адам жарақат алды, 28 адам тұрмыстық жарақат алды, полицейлер 13 адамды ұрып-соққанын анықтады, жол апатынан 1 адамды жеткізді. Облыстық көпбейінді аурухананың жарақат пунктіне 38 адам жүгінген. Оның ішінде көше жарақатымен - 20, тұрмыстық жарақаттармен - 14, ұрып-соғу - 4, отшашу салдарынан 1 адам күйік алды, ЖКО - дан 1 адам зардап шекті", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Отшашудан зардап шеккен адамның беті күйік қалған. Оның жарасы таңылып, ол қазір амбулаториялық жағдайда емделуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?