Павлодар облысында жанармайы қатып, жол бойында тұрып қалған шетелдік жүк көлігі табылды

5 Қаңтар 2021, 14:45
Сурет: иллюстрация үшін алынды

Ресейден Қырғызстанға бет алған жүк көлігінің жанармайы Павлодар облысында келгенде қатып қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Шідерті кентінің жанында өшіп қалған жүк көлігіндегілер сол арада бір түн түнеген. Абырой болғанда, жол бойындағы көлікті жол полициясы байқап, оның ішіндегілерді аман алып қалды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі Жақсылық Байысбековтың айтуынша, Павлодар облысында мереке күндері қатты аяз, көктайғақ болады деп болжануда. Кей жерлерде ауа температурасы -43°дейін жеткен. Ескертулерге қарамастан, кейбір көлік жүргізушілері алыс жолдарға шығады. Нәтижесінде автокөліктер төмен температураға төтеп бере алмай, тас жолдарда тоқтап қалады.

- Шідерті кентінің жанындағы "Павлодар-Нұр-Сұлтан" автожолында жолды патрульдеу кезінде жүк көлігі көзге түсті. Жүк көлігінің жүргізушісі Қазгидромет орталығының ескертуіне қарамастан жолға шыққан. Біз келген кезде жүргізуші ешқайдан көмек күтпеген, қатты тоңып, үсіп қалуға шақ қалған. Келе жатып, жүргізушіден не болғанын сұрадық. Жүргізуші Ресейден Қырғызстанға беттегенін айтты. Аязға байланысты машинада солярка қатып қалған. Осылайша, олар түннен бері тұрып, қатып қалған. Жүргізушілерді ең жақын лагерьге жіберіп, өзіміз көлікті жылытумен айналыстық, - деді патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы Руслан Верещак.

Көлікті Шідерті ауылының жылы боксына жеткізген. Көлік жылығаннан кейін жүргізушілер өз жолдарын жалғастырды. Руслан мен әріптесі Азамат Шақшабаев жүргізушілермен әр сағат сайын хабарласып тұрған.

Қырғызстан Республикасының азаматы Ақтілек Арзыбеков полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Ер адам жүкті уақытылы жеткізу керектігін айтып ақталды.

Полиция хабарлағандай, бүгінде облыс автожолдарымен патрульдік полицияның 12 экипажы жүріп жатыр. Олардың жолдағы алғашқы әрекеттері – құқық бұзушылықтарға қарсы тұру және жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында 2021 жылдың екінші қаңтарында сағат 18:00-ден бастап барлық бағыттар бойынша ауа райының нашарлауына байланысты дизельді және қоғамдық көлік үшін шектеу енгізілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?