Дүйсенбі күні республиканың кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын байқалады

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2018 16:56 sputniknews.kz
Ақмола облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, кей жерлерде қатты жауын-шашын, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады.

Республиканың көптеген бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, соған байланысты жауын-шашын, солтүстікте кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік, және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, солтүстікте көктайғақ, бұрқасын байқалады деп хабарлайды zakon.kz, Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, кей жерлерде қатты жауын-шашын, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында жел 15-25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: