Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін қатты аяз болады

5 Қаңтар 2021, 17:38
Сурет: Pixabay

Қазақстанның төрт облысында қатты аязға байланысты 5 қаңтарың сағат 20: 00-ден 6 қаңтардяң 21: 00-не дейін ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК хабарлағандай, Өскемен мен Риддерде 6 қаңтарда ІІ-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында қатты аяз сақталып, күн 40 градусқа дейін суытады.

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, түнде және таңертең Оралда да тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Петропавлда түнде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м / с болады.

6-8 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі.

Боран соғу ықтималдығы 85-95% құрайды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?