Елімізде 45 градусқа дейін аяз болады 

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2018 20:03 sputniknews.kz
Қатты аязға байланысты елімізде дабылды ескерту жарияланды.

Еліміздің алты облысы мен Астана қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің хабарлауынша, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болады, түнде ауа температурасы —35-40°С-қа дейін жетеді.

24-26 қаңтарда өте қатты аяз —45°С болады, күндіз —27-32°С, кей жерлерде —35°С-қа дейін ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз болады, түнде —33-38°С, күндіз —20-25°С аяз болжанған.

Астана қаласында 23-26 қаңтар аралығында түнде —35-40°С, күндіз —27-32°С аяз болады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: