"Ауыл" партия мүшелері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді

5 Қаңтар 2021, 18:54
Сурет: "Ауыл" партиясы

2021 жылдың 5 қаңтарында "Ауыл" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Н.Арсютин және Т.Зейнуллин үгіт-насихат тобымен бірге Екібастұз қаласының "Богатырь Транс" ЖШС –нің еңбек ұжымымен кездесті.

"Богатырь Транс" ЖШС-темір жол жүк тасымалдаушысы, Қазақстандағы вагондарды жөндеу бойынша ірі зауыт болып табылады. Кәсіпорын 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді және қазақстандық көмір экспортын дамытуға белсенді қатысады.

Николай Арсютин өңірдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуден басқа, экспортты дамыту ел үшін валюталық түсім алуға да тартымды деп санайды, бұл ұлттық теңгенің тұрақтануына оң әсерін тигізеді. Шетелден импортталатын әрбір тауар валютаға сұранысты тудырады, сондықтан да отандық бәсекеге қабілетті тауарлар экспортын дамыту аса маңызды. Осыған байланысты логистикалық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету стратегиялық маңызды міндет.

Сонымен қатар, кездесуде жұмысшылардың кәсіптік одақтарының рөлі туралы сөз болды. Осылайша "Ауыл" партиясы өзінің сайлауалды тұғырнамасына кәсіподақтармен бірлесіп жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті әзірлеуді және енгізуді енгізген алғашқы саяси ұйымдардың бірі. Сонымен қатар, кандидат Талғат Зейнуллиннің айтуынша, коммуналдық қызметтерге, бірінші кезекте, өндірістік сектордың кәсіпкерлері үшін электр энергиясына тарифтерді субсидиялау жүйесін енгізу ұсынылады.

Еңбек ұжымымен кездесуде "Бала нәсібі" балалар капиталын енгізу туралы да сөз болды. Жұмысшылар осы бастаманы іске асыру кезінде белгіленуі мүмкін төлем сомасына қызығушылық танытты. Николай Арсютиннің айтуынша, елімізде жыл сайын шамамен 400 мың бала дүниеге келеді және бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, 1 балаға ұсынылатын төлем сомасын кемінде 32 мың теңгеге көтеруге мүмкіндік бар. Мұндай жәрдемақы белгіленген жағдайда және оны 18 жасқа дейін төлеу қажеттілігін ескере отырып, бюджеттік шығыстар шамамен 2,3 трлн. Теңгені құрайтын болады. Тиімсіз республикалық бюджеттік бағдарламалардың провизорлық талдауы оларды секвестрлеу кезінде жыл сайын шамамен 300-400 млрд.теңге қарастыруға және оларды балалар капиталының қамтылуын кеңейтуге немесе ай сайынғы соманы ұлғайтуға бағыттауға болатынын көрсетті.

"Богатырь Транс" ЖШС жұмыскерлері Моноқалаларды дамыту бойынша партияның ұсыныстарына да қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, бүгін облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстарындағы кәсіпорындар ұжымдарымен және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жамбыл облысы Жуалы ауданында "Ауыл" партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бегалы Нұржігіт Мамырұлы мен Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерболат Саурықовтың қатысуымен "Фермерлік Еңбек және азық-түлік қауіпсіздігі" тақырыбында фермерлермен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Қайрат Қапарұлы Айтуғанов, Қанат Ғалымұлы Тасыбеков және облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогтарымен және жастармен кездесу өткізді.

Ақмола облысы Біржан Сал ауданының Кеңащы кентінде "Ауыл" партиясынан Ақмола облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар: М.О. Шәмшінұрова, А. Жекебаев "Бурабай Астық" кәсіпорнының ұжымымен кездесті.

Түркістан облысында "Ержан" ШҚ базасында облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Кәрімбаевтың, Т.Қалмұратовтың, Н.Б. Тілеуберді, Сарыағаш аудандық мәслихатына кандидаттар: Қ. Тұрдалиннің қатысуымен "Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу мәселелерін талқылау" іс-шарасы өтті.

Үгіт-насихат науқаны кезінде Қазақстан бойынша барлығы әр түрлі ауқымдағы 1000-нан астам іс-шара өткізілді, оған "Ауыл" партиясынан депутаттыққа кандидаттардың кәсіпорындар ұжымдарымен кездесулері, кеңестер, дөңгелек үстелдер, флэшмобтар кірді. Сонымен қатар, "Ауылдан ауылға" акциясы аясында депутаттыққа кандидаттар 2145 ауылды аралады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?