Жетісу облысында биыл 7 мыңнан астам шетелдік елде уақытша тұруға рұқсат алды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 15:24 Сурет: ҚР ІІМ
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және көші-қон процестерін бақылау мақсатында республикалық және облыстық ауқымдағы үш жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.
"6 ай ішінде 3 382 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 2 024 – Қазақстан Республикасының азаматтары және 1 358 – шетелдіктер", – деп атап өтті ПД КҚҚБ бастығының міндетін атқарушы Айдар Атимов.

Сондай-ақ сотпен 42 шетелдікті еліміздің аумағынан шығарып жіберу туралы шешім қабылдады.

Жыл басынан бері екі қылмыстық іс тіркелді: біреуі ҚР шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін шетелдікке қатысты және біреуі заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін еліміздің азаматына қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: