Алматыда заңсыз жүрген 277 шетелдік анықталды

Алматыда заңсыз жүрген 277 шетелдік анықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2023 12:18 Сурет: ҚР ІІМ
Көші-қон қызметінің мәліметінше, қалада жергілікті полиция қызметінің көмегімен заңсыз көші-қон деректерін анықтауға бағытталған бірлескен жедел-профилактикалық іс-шара жүргізіліп жатыр.

Құрылыс нысандарын тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 277 шетелдік анықталды, олардың 28-і алыс шетелдердің: Нигерия – 11, Түркия – 19, Үндістан – 3, Филиппин – 2, Қытай – 1, Иран – 1, сондай-ақ көршілес елдердің 249 азаматы: Өзбекстан – 184, Ресей – 38, Тәжікстан – 18, Түрікменстан – 4, Әзірбайжан – 3, Қырғызстан – 1 және Украина – 1.

Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 145 шетел азаматы қабылдап-таратуға орналастырылса, тағы 62-сі сот шешімімен елден шығарылды.

Сонымен қатар шетелдіктерді шақыру ережелерін бұзған және олардың дер кезінде елден шығуын қамтамасыз етпеген 82 заңды тұлғаға шара қолданылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: