1 қаңтарда Алматыда жоғалған жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
16 жасар жасөспірім Жетісу ауданындағы үйінен 1 қаңтарда таңғы сағат 10:00 шамасында белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, содан кері оралмаған. Жоғалған жасөспірімді волонтерлар, тәртіп сақшылары, құтқарушылар іздеді. 4 қаңтарда жасөспірім өлі күйінде табылды.
Бұл суицид екені айтылады. Бозбала көпірдің астында асулы тұрған жерінен табылды. Оның мұндай қадамға неге барғаны туралы айтылмайды.
Lider.kz волонтерлары марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтады.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?