Ақмола облысында жоғалып кеткен жасөспірім танысының үйінен табылды
Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында 7 қаңтарға қараған түні досына көмектесуге кетіп, жоғалып кеткен 16 жасар бозбала табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бозбаланың анасы 8 қаңтарда полициядан көмек сұраған. Ол баласының түнде қарға көлігі батып қалған досына көмектесуге кеткенін жеткізді. Бірақ сол кеткеннен Руслан телефон қоңырауына жауап бермеген, тіпті артынан байланыс мүлде үзілген.
"9 қаңтарда түске таман ювеналды полиция тобы мен Бурабай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмаған Зарубинді тапты". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Жасөспірім үнемі танысының жанында болғанын жеткізді.
"Кәмелетке толмаған жаспен профилактикалық әңгіме жүргізілді, оған қатысты заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ, полиция тексеруді жалғастырып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript